Тұран-Астана университетінде ерекше туындының тұсауы кесілді. «Балаңның бойындағы қаржылық алыпты оят: Абай ілімі арқылы» деп аталатын жаңа еңбек өскелең ұрпақтың қаржылық сауатын арттыруды көздейді. Бұл басылым тек қаржылық нұсқаулық емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды бала санасына сіңіретін таптырмас құрал болмақ. Жиын барысында сарапшылар бұл еңбектің заманауи отбасы тәрбиесіндегі маңызды рөлін атап өтіп, оның мектеп бағдарламасына қосымша көмекші құрал ретіндегі әлеуетін жоғары бағалады.
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, КІТАП АВТОРЫ:
Бұл кітаптың негізгі бір қызық жері бұл балаларға ыңғайлы тілде жазылған. Әртүрлі кейстер, мысалдар мен Абай атаңның ақылы, Абай атаңның ертегілері деген бөлім бар. Яғни біз бір кітап арқылы баланы қаржылық сауаттылыққа үйретеміз. Әрі Абай атамыздың қара сөздерін қоғамға қажетті сөздерін насихаттауды қолға аламыз.