Биылдыққа сауда азайып кетті

ашық дереккөз

Сауда саласы бойынша нақты көлем индексі 2026 жылғы қаңтар-наурызда өткен жылдың тиісті кезеңіне 104,8% құрады (2025 жылғы қаңтар-наурызда – 106,3%).

2026 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауданың НКИ 105,8% құрады (2025 жылғы қаңтар-наурызда – 107%). Бөлшек сауданың НКИ 102,8% құрады (2025 жылғы қаңтар-наурызда – 104,8%).

Саланың жалпы көлеміндегі елеулі үлес көтерме саудаға тиесілі, оның үлес салмағы 67,3% құрайды, бөлшек сауданың үлесі 32,3%.

Көтерме сауда көлемі 2026 жылғы қаңтар-наурызда 10844,9 млрд. теңгені немесе 2025 жылғы тиісті кезең деңгейіне 105,8% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (80,1%).

Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы 2026 жылғы қаңтар-наурызда Алматы қаласына (37,4%), Атырау облысына (15,2%), Астана қаласына (14,9%), Қарағанды облысына (5,1%) тиесілі.

2026 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 5202,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,8%-ға артық. Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізуі 2%-ға ұлғайды, дара кәсіпкерлердің, оның ішінде базарларда сауда жасаушылардың, 2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,6% - ға өсті.

Жыл басынан бері жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізуінен 4577,8 млрд.теңге (бөлшек сауданың жалпы көлемінің 88%), шетелдік меншік нысанынан 625,1 млрд. теңге (12%) сомасында айналым алынды.

2026 жылғы 1 сәуірге жағдайы бойынша бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарының (есеп берген кәсіпорындар бойынша) тауар қорларының көлемі 1727,2 млрд.теңгені, сауда күндерінде – 68 күнді құрады.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық – түлік тауарларының үлесі – 31%, азық-түлік емес тауарлардың үлесі – 69% құрайды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 8,1% - ға ұлғайды, азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемі 0,7% - ға ұлғайды.

2026 жылғы қаңтар-наурызда Республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы Алматы қаласына (31,3%), Астана қаласына (12,8%), Қарағанды (8,2%) және Шығыс Қазақстан (5,6%) облыстарына тиесілі.