Америкалық миллиардер Джордж Сорос криптовалютаны "қаржы көпіршігі" деп атады,- деп хабарлайды Рейтерс. Сорос бұл туралы халықаралық экономикалық форум өтіп жатқан Давостағы ресми емес кездесуде айтқан. Оның пікірінше, криптовалюта - "нағыз алыпсатарлықтың өзі". Соңғы кездері биткоинның курсы үнемі құбылумен келеді. Өткен жылы желтоқсанда криптовалюта құны 20 мың доллар болса, қазір 10 мыңға түскен.
Джордж Сорос, қаржыгер:
Биткоин - валюта емес. Өйткені валюта деген - тұрақты қаржы құралы. Және оның курсы күн сайын 25% өзгермейді.
Өзге сарапшылар да бұл пікірді құптайды. Ресей банкирлерінің бірі Андрей Костин биткоинды "болашағы бұлыңғыр валюта" деп атады.