Солтүстік Қазақстан облысында ағаш құлап, ер адам зардап шекті

Солтүстік Қазақстан облысында ағаш құлап, ер адам зардап шекті. Орман ішінде ағаш кесіп жатқан 40 жастағы азаматтың үстіне аққайың құлаған. Ол ауыр жағдайда бірден аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның маңдайы жарылып, бас сүйегі бірнеше жерден сынған. Сонымен қатар ауыр салмақтан науқастың омыртқасына зақым келген. Науқастың жағдайы өте ауыр. Ал құзырлы органдар мәселенің мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізуде.