Қар жауады: алдағы күндері елімізде күн суытады

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2026

Жалпы елімізде алдағы күндері  ауа райы бұзылады. Астанада жаңбыр жауады, соңы қарға ұласып, көктайғақ  болады дейді синоптиктер. Ал Алматы қаласында нөсер жаңбыр мен жел күшейеді. Солтүстікте күн салқындап, батыста жауын-шашын жиілейді, бұршақ түсуі мүмкін. Шығыс аймақтарда қар жауады деп болжануда.