Атырауда жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары талқылауға арналған келелі жиын өтті

Атырауда жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары талқыланған жиын өтті.  «Азаматтық тәрбие, құқықтық мәдениет, жастардың әлеуметтік жауапкершілігі» тақырыбындағы кездесуді облыстық прокуратура ұйымдастырды. 

Жастардың құқықтық санасын қалыптастырып,  жауапкершілігін  арттыруға арналған жиынға аймақтағы түрлі спорттық федерациялардың жаттықтырушылары, жас  спортшылар мен белсенді жастар жиналды.  Прокурорлар бұл бағытта жұмысты алдымен мектепте бастаған.  Биылдан  бастап   еліміз бойынша алғаш болып Атыраудағы білім ұйымдарында «5 минуттық құқықтық түсіндіру» жобасы қолға алынды. 

МАДИЯР БАСШЫБАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Бірінші күні жол қауіпсіздігі болса, екіншісі қылмыстан сақтану қауіпсіздігі, өз қауіпсіздігі бойынша, әр апта сайын  бір белгілі бір тақырып айналдасында 5 сабақта бес минутқа дейінгі уақытты алады. Бііздің ойымызша бұл күнделікті, жүйелі түрде бір тақырыпты балалардың сана-сезіміне енгізе берсе, ол түбінде баланың ойына жетеді. Сонда тиісті нәтижеге жетеміз деп. Әр бала өзінің жаттықтырушыларын қатты тыңдайды. Сондықтан біз екінші деңгейде тәрбие жұмысын  жаттықтырушылар арқылы жүргізіміз келіп отыр.

Сондықтан спорт федерацияларына өскелең ұрпақты тек спорттық жетістіктерге жетелеп  қана қоймай, заң мен тәртіп қағидаттарын бағыттауға кеңес берілді. Ал бұқаралық ақпарат құралдары түрлі саладағы жетістіктерге жеткен жастарды көбірек насихаттау ұсынылды.

ӘНУАРБЕК БАТАЕВ, «ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

36 баламен  жүйелі түрде 4 топпен нақты өзіміздің бағыттарымыз бойынша жүйелі түрде жұмыстар жасалып келеді. Бұл бағытымыз атап өткендей, сатқындар, сурагат, жаттығу бағыттары бойынша жұмыстар жасалды. Біз өзіміз ерікті түрде есірткі жазуларын кетіруден бастадық алғашында. Жасап жатқан іс-әрекеттеріміз ертеңге 10-20 жылдан кейінгі жастарымыз осы алкоголды түбегейлі сәнге айналдырмайтындай жағдайға жеткізу үшін қазірден бастап біздер соны қолға алудамыз.

Ашық пікір алмасу барысында  жастар тәрбиесі мен қоғамдағы белсенділікті арттыру бағытында ұсыныстар айтылды. Спорт пен білім додаларында жетістікке жеткен ажстар мен белсенді азаматтар марапатталды.