237 мың ерекше балаға мұғалім жетіспейді

Фото: pixabay

Қазір олардың 193 341-і білім беру ұйымдарында оқып жатыр. Ал психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бойынша шамамен 17 мың бала үй жағдайында білім алады.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ерекше балалар 181 мамандық бойынша білім алып жатыр. Бүгінде білім беру ұйымдарында 11 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс істейді. Дегенмен 3408 маманға сұраныс сақталып отыр.

6500 педагог-ассистент жұмыс істейді. Бұдан бөлек, 129 жеке көмекші жүріп-тұруы қиын балаларға қолдау көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде 4 мыңға жуық бала мектепте білім алуға мүмкіндік алған.

Кадр тапшылығын азайту үшін бірқатар шара қабылданып жатыр. Атап айтқанда, 8 колледжде логопед мамандар даярлануда. Ал 2026-2027 оқу жылынан бастап тағы 3 колледжде педагог-ассистенттер дайындалады.