Қазақстанның Вице-президентін тағайындау мәселесі жаңа Құрылтайдың құрылуынан кейін шешіледі. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, бұл мәселелер Мемлекет басшысының құзыретіне жатады.
— Жаңа Құрылтай сайланған соң, Мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдайды. Заңға және жаңа Конституцияға сәйкес шешімдер қабылданады. Атап айтқанда, бұл мәселелер Конституциямызда нақты көрсетілген, - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін.