Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеткізу шартының орындалмауына байланысты «К» ЖШС-нен ақша сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
2024 жылғы 5 сәуірде «П» АҚ мен «К» ЖШС арасында жеткізу шарты жасалған. Шарт талаптарына сәйкес жеткізуші жалпы құны 635 млн теңгені құрайтын тауарды жеткізуге міндеттенген.
Шарт талаптарына сай сатып алушы 30% алдын ала төлем ретінде 190,5 млн теңге аударған, алайда жеткізуші тауарды шартта көрсетілген мерзімде жеткізбеген.
Сот талқылауы барысында анықталды:
-алдын ала төлемнің алынғаны;
-тауардың нақты жеткізілмегені;
-қабылдау-тапсыру құжаттарының рәсімделмегені;
-жеткізушінің міндеттемелерін тиісінше орындамағаны анықталды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 419-бабының 1-тармағына сәйкес сатып алушы төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, «К» ЖШС-нен «П» АҚ-ның пайдасына 190,5 млн теңге алдын ала төлем, сондай-ақ 2,2 млн. теңге өсімпұл және 5,7 млн. теңге мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығындары өндірілді.