Атырау облысында полиция қызметкерлері түйе ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.
Күдіктілер әдейі дала аймақтарына шығып, еркін жайылып жүрген малды бақылауға алған. Түнгі уақытта жануарларды айдап әкетіп, жүк көлігімен Маңғыстау облысына жеткізіп, кейін сатуды көздеген.
Қазір топтың ондаған бас мал ұрлығына қатысы дәлелденді. Келтірілген шығын 10 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленіп, сатылуына жол берілмеді.
Барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды.