Павлодарда 21 жастағы әскери қызметші өз қаруынан көз жұмды

Павлодарда 21 жастағы әскери қызметші қаза тапты. Жауынгер өзіне берілген қарудан оқ атқан. Салдарынан қаруласы жараланды. Ал өзі атылған оқтан мерт болған. Екі әскери қызметші де келісім шарт негізінде жұмыс істеген. Жараланған 25 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді.

АЯН ҚАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Емделуші 2001 жылы туған. Жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр. Барлық емдеу шаралары жүргізілуде.

Ішкі істер министрлігі таратқан ақпарат бойынша аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталмақ. Жауынгердің оқты өзіне атқаны немесе басқаға бағыттағы әзірге белгісіз.