Қарағанды облысында 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қауіпті қылмыскер ұсталды. 43 жастағы ер адам осы кезге дейін ешқайда кетпген, арнайы жабдықталған жерде жасырынып келіпті. Полиция департаментінің хабарлауынша, ол арнайы операция барысында жекеменшік тұрғын үйлердің бірінен ұсталған. Күдікті жылдар бойы кішкентай ғана құпия орында жасырынып құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген көрінеді. Ол қала тұрғынын қорқытып күш қолдану арқылы 117 млн теңге бопсалауға қатысы бар, аса қауіпті қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта қамауға алынып тергеу басталды.