Оралда құрылыс компаниясының жұмысшыларын сабағандар сотталды

Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының тұрғыны балыққа барамын деп 15 жылға сотталды. Ол жолай кездескен құрылыс компаниясының жұмысшыларына тиісіп, аяусыз сабаған. Сот кезінде   ішімдік ішкені аздай, есірткі қолданғаны анықталды.  Мастықтың әсерімен олар компанияның бір қызметкерін темір құбырмен ұрып, жағын сындырған, тіпті бірнеше рет пышақ сілтеген. Әріптесіне ара түскен жолшыларды да қуып жүріп пышақтапты. Кінәсі дәлелденген төрт сотталушының бірі 15 жылға сотталды. Қалғандарына шартты жаза кесілді. Енді олар соққыға жығылған жұмысшыға келген 5 миллион 700 мың теңге моральдық шығынды өтеуі тиіс.

АСЫЛАНБЕК ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, БҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сотталушылардың уәждерін сот негізсіз деп таныды. Себебі олардың кінәлары іс бойынша сол жерде болған куәлардың жауаптарымен, жәбірленушілердің жауаптарымен, өздерінің жауаптарымен, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында беттестіру тергеу әрекеттерінде, сараптама қорытындыларымен өз дәлелдерін толық тапты деп сот қорытындыға келді.