Екібастұзда науқастар ауруханада дәрігер мен медбикені соққыға жыққан. Жарақат алған ақ халаттылар қазір ауруханада жатыр. Медициналық көмекке жүгінген азамат достарымен келген. Олар масаң күйде болыпты. Үш тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық қызметкерлерге қатысты күш қолдану дерегі бойынша соталды тергеу басталды.
АСЫЛБЕК ҚАЙРОЛЛАЕВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бірге келген азаматтар өздерін әдепсіз ұстап, дәрігердің ескертуіне агресивті түрде жауап берген. Бөлмеден шығудан бас тартқан жастар дәрігерге соққы жасаған. Жағдайға араласқан медбике де дене жарақатын алған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция күдіктілердің үшеуінде ұстап, қылмыстық іс қозғады.
Бұл жағдайға қатысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдірді. "Мұндай жағдай жауапсыз қалмайды, ақ халатты абзал жандардың құқығы қорғалады" деді. Биыл 7 наурыздан бастап елімізде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық пен қорқыту әрекеттері үшін жауапгершілік күшейтілгенін еске салды. Ел тұрғындарына ең қиын сәтте қол ұшын берген дәрігерлер еңбегіне құрметпен қарауды сұрады.