Таяу Шығыс елдері қазақстандықтар үшін әлі де қауіпті, - СІМ

Қазақстандықтар әзірге Таяу Шығыс елдерінде демалуды ұмытқаны дұрыс. Сыртқы Істер Министрінің орынбасары  осылай деді. Арман Исетовтың айтуынша, азаматтар үшін қолайлы, туристерді құшақ жая қарсы алатын ел жеткілікті. Сондықтан, қарулы қақтығыс болып жатқан аумақтардан мейлінше аулақ болған дұрыс, - дейді.

АРМАН ИСЕТОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Себебі әртүрлі елдерден туристер осындай жағдайға тап болды немесе басқа қиындықтарға тап болды деген ақпараттар шығып жатыр. Дегенмен қазіргі таңда, мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері біздің туристер үшін анағұрлым қолайлы болуы мүмкін. Ал, Таяу Шығыстағы жағдайды мен айтпасам да жақсы білесіздер. Сондықтан, Парсы шығанағындағы мемлекеттерге әзірше бармай қоя тұруға кеңес берер едім.