Трамп: «Мен шабуыл жасамағанда, қазірдің өзінде Иранда ядролық қару болатын еді»

Егер кімде-кім Ираннан мұнай сатып алса, санкцияның астында қалады. АҚШ сауда министрі осындай ескерту жасады. Трамптың өзі болса: «Мен шұғыл әрекет етпегенде, әлемнің жартысы Иранның аяғына жығылуға мәжбүр болатын еді», - дейді. АҚШ Президентінің айтуынша, соғыстан есеңгіреген Иран қалпына келуі үшін 20 жыл керек. Қазір тараптар келіссөз жүргізіп отырғанымен, АҚШ кез-келген сәтте соғысты жалғастырады. Ол біз үшін түкке тұрмайтын нәрсе, - дейді Трамптың баспасөз-хатшысы. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

АҚШ Иранның өзіне ғана емес, онымен сауда-саттық жүргіземін деген елдерді де санкцияның астында қалдырады. Атап айтқанда, Иран мұнайына тәуелді мемлекеттерге АҚШ Сауда министрі қатаң ескерту жасады. Скотт Бессенттің айтуынша, қатаң шара жақын арада қолға алынады.

СКОТТ БЕССЕНТ, АҚШ САУДА МИНИСТРІ:

Кеше біз «Экономикалық ыза» атты операцияның басталғаны туралы хабарладық. Егер кімде-кім Ираннан мұнай сатып алатын болса, қосымша санкция салынады. Иран өзіне көршілес араб елдеріне шабуыл жасау арқылы тарихи қателік жасады. Себебі, ол мемлекеттер де енді біз айтпай-ақ Иранның Ислам Революциясы Сақшылары Корпусына қатысы бар бүкіл активтерді терең зерттейді. Сондықтан, енді Иран не ақшасын жасыра алмайды, не мұнайын сата алмайды.

Ирандағы соғыс біздің жеңісімізбен аяқталмайды деген пікір айтып, бізге күмәнданатын адамдардың психикалық ауытқулары бар. Оларды психиатр тексеруі керек. Трамп америкалық телеарналардың біріне берген сұхбатында осылай деді. АҚШ Президентінің айтуынша, асығыс шабуыл жасауға, Иран билігінің өзі мәжбүрледі.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен іске араласпағанымды Иранда қазірдің өзінде ядролық қару болатын еді. Ол кезде жарты әлемге тісін батырып, аяғына жығылуға мәжбүр болатын едіңдер. Кейбір адамдардан сұрағым келетіні: «Расымен Иранға табынғыларың келе ме? Егер, біз соғысты тоқтатсақ, Иран қайтадан барлығын қалпына келтіру үшін 20 жыл уақыт керек.

Трамптың сөзін, баспасөз хатшысы да толықтырды. Кэролайн Ливитт басылым беттері мен әлеуметтік желілерде АҚШ Иранға соғысты тоқтату туралы ұсыныс жасап, өтінген, - деген қауөсет өріп жүр. Ақ үйдің ресми өкілінің айтуынша, бұдан асқан ақымақтық жоқ.

КЭРОЛАЙН ЛИВИТТ, АҚ ҮЙ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазір бірнеше тараптың тікелей атсалысуымен келіссөздер қайта жанданды. Оның толық детальдарын айта алмаймын. Бірақ, келіссөз барысында АҚШ еш уақытта соғысты тоқтатайық, - деп Ираннан өтінбеген. АҚШ ешкімге өтінбейді. Біз қаласақ, соғысты тоқтаусыз жүргізе аламыз. Сондықтан, жалған ақпарат танытқанда да ойланып істеген артық етпейді.

Трамп өзінің жеке құрылыстарын да ұмытпайды. Кэролайн Ливитт Вашингтондағы биыл бой көтеретін нысанның суретін көпшілікке көрсетті. Бұл өзіне ұқсас Еуропалық ескерткіштерден әлдеқайда биік болмақ. АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналып, биіктігі де сонша болады деп жоспарлануда.