Жасанды интеллект еңбек нарығына дендеп еніп барады. Болжамға сәйкес, алдағы жылдары шамамен 400 мың адам жұмысынан айырылуы мүмкін, ал жаңа мамандықтар оның бір бөлігін ғана жұмыспен қамтиды. Дәл осы мәселелер мемлекеттік органдар мен AMANAT партиясы өкілдерінің қатысуымен өткен Жастарды қолдау жөніндегі кеңес отырысында талқыланды. Күн тәртібінде цифрлық дағдыларды дамыту, жастарды жаңа жағдайларға бейімдеу болды. Сондай-ақ, технологиялық өзгерістер кезеңінде тиімді шешімдер табу мәселелері де қозғалды.
НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Дәл қазірдің өзінде жасанды интеллект дендемеген кезде бізде 14 мамандық жойылады. Ол жерде 49 мың адам жұмыс істейді. Одан бөлек 46 профессия сақталады, бірақ ол жерде жұмысшы саны азаяды. яки ол 362 мың адам деп беріледі, яки қазіргі есептің өзінде 400 мыңдай азамат қазіргі жұмысынан кетуге мәжбүр болады. 2035 жылға қарай 33 жаңа профессия енеді. Ол жерде 82 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылады. Қалған 310 мыңнан астам азаматты қай жерге жұмысқа орналастырамыз?