Шымкентте жоғары оқу орны студенттерінің қатысуымен ерекше байқау өтті

Шымкентте жоғары оқу орны студенттерінің қатысуымен ерекше байқау өтті. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу – 2026» қалалық жұптар сайысы Орталық Азия Инновациялық университеті мен «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының қолдауымен ұйымдастырылды. Байқауға  6 жұп қатысып, тартысты додада бақ сынады. Қатысушылар 5 кезең бойынша сынға түсті.  Олар өз өнерлерін ортаға салып, тапқырлықтарын және бір-біріне деген үйлесімділіктерін көрсетті. Әр жұп сән үлгілерін көрсетіп, көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді. 

АБАЙ СЫРЛЫБАЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыздың бірі - осы біздегі Төлеген мен Қыз Жібек, Қозы Көрпеш пен Баян сұлулардың ғашықтық сезімдерін жастар арасында көрсетіп, олардың шынайылығын, адал сезімдерін білдіруін біз дәріптеуді қолға алдық.