Атырауда оқушылардың экологиялық мәдениетін дамытуға арналған “ECOLab” экологиялық бұрышы ашылды. Ақжар ауылындағы №44 мектеп-гимназиясында “Таза Қазақстан” тұжырымдамасы аясында экологиялық іс -шаралар қорытындыланды. Мұнда оқушылар табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, сабақтан тыс уақытта демалуына мүмкіндік жасалған.
3-сынып оқушылары сабақ барысында суды үнемдеудің қарапайым әдістерін меңгерген. Бірі бөлме гүлінің су мөлшерін дачиктер арқылы анықтап барып суарса, бірі күнделікті жуыну кезінде ауыз суды есепсіз және үнемдеп пайдалануды салыстырып дәлелдеп берді.
АЙНҰР ЖАНҒАЛИЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:
Суды үнемдеу керектігін, судың таусылатын ресурс екенін нақты ақпараттарды біледі. Өздері жеке жұмыстар жасау арқылы тапсырмаларын орындап, зерттеу жұмыстарын еркін жасай алады. Бұл біздің күнделікті сабақта қолданатын тапсырмалар.
Оқушылар мұғалім көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаға қамқорлық әр адамның өзінен басталатынын ұғындыры. Сондай-ақ мектепте табиғатқа жанашыр ұрпақ қалыптастыруды мақсат ететін “ECOLab” экологиялық бұрышы салтанатты түрде ашылды. Мұнда әзірге көжектер мен тотықұстар, тасбақа мен акваримдағы балықтар қойылған. Тіпті жылыжайға қызанақ пен қияр егіпті. Балалар өздері баптап, экобұрышты толықтырамыз,- деп қуанып жүр.
ГҮЛАЙЫМ ТЕЛЕУБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мектептерде өткізіліп отырған экологиялық сабақтар болашақ жас буынның, ұрпақтың суды тиімді пайдалану, қалдықтарды бөлек жинау, экологиялық мәдениетін немесе энергияны тиімді пайдалану осы бағыттағы атқарылып жатқан шаралар болып табылады.
Экологиялық жоба аясында оқушылары мен ата-аналары бірге мектеп ауласына ағаш екті. Айта кетейік, “Таза Қазақстан” тұжырымдамасы аясында аймақта 20-дан астам мектепте экологиялық сағаттар өткізілген.