Қарағанды облысында екі мотоцикл соқтығысып, қос жүргізуші де көз жұмды

Полицияның хабарлауынша мотоциклдер бір бағытта келе жатқанына қарамастан соқтығысқан. Салдарынан 37 және 17 жастағы жүргізушілері оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал жарақат алған жолаушы дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне қайтқан. Қазір апаттың себебін анықтау мақсптында қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

БЕКЗАТ СӘУЛЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мотоцикл жүргізушілеріне қорғаныс құралдарын (шлем және арнайы жабдық) міндетті түрде пайдалану қажеттігін ескертеміз.