Трамвай аялдамасында ер адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2026

Өскемен қаласында 56 жастағы ер адам трамвай аялдамасында қайтыс болды. Оқиға шаһардағы Шәкәрім даңғылында тіркелген. Қазір полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп, болған жайттың мән-жайын анықтап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, марқұм  жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.