Ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, жастардың бойына сіңіру қашанда маңызды. Осы орайда, «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы өзектілігін жойған емес. Жоба аясында Қызылордада «Ұлттық мұра – халықтың асыл қазынасы» атты іс-шара өтті. Киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылды. Орталық алаңға жиналған 200-ге жуық адамға Наурыз көже таратылып, дәм ұсынылды. Ән мен жырдан шашу шашылды. Бастаманы партияның Қызылорда облыстық филиалы «125 high school» мектебімен бірлесе өткізді. Бұл өте маңызды және жастарды бірлікке шақырады дейді ұйымдастырушылар.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Негізгі мақсаты ұлттық мұраны насихаттау. Ұлттық спортты ұйымдастыру. Кез-келген ұлт өзінің дәстүрін, өзінің мәдениетін, өзінің салтын білсе, ол алда даму жолында үлкен жетістікке жетеді. Біз Қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті өте бай. Соны насихаттау, дәріптеу, сақтау өте маңызды.