Қазақ тілін меңгеру заман талабы мен ортақ болашақтың кепілі. Бүгінде еліміздегі түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйренудің жаңа әрі тиімді әдістері кеңінен қанат жайып келеді. Тек грамматиканы жаттау емес, тілдік ортаға ену, цифрлық технологияларды қолдану және мәдениет арқылы тану оң нәтиже беруде. Әсіресе, Ақмола облысында өзге ұлт өкілдерінің күнделікті тұрмыста қазақша сөйлеуі қалыпты жағдайға айналған. Бұл ретте тегін білім беретін тіл орталықтарының рөлі орасан.
МИЛАНА ТАРАСОВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ ЖАНЫНДАҒЫ “ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ” ДИРЕКТОРЫ:
Біздің елімізде өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығы артып келеді. Тіпті біздің Ақмола облысында далада, автобуста жүрсең өзге ұлт өкілдері қазақша сөйлейді, жауап бере алады. Қазір негізі тіл үйренуге барлық жағдай жасалған десек те болады.