«Іздер құпиясы» романының негізінде өткен байқауда 130 оқушы бақ сынады

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2026

Алматы облысында Бекен Ыбырайымның «Іздер құпиясы» романы негізінде ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетті. Додаға 14 мектептен 130 оқушы қатысып, олардың 65-і жүлделі орындарға ие болды. Қорытынды кеште жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, роман авторымен жүздесті. Шара барысында оқушылар шығармашылық қойылымдар қойып, әдебиет өкілдерімен еркін сұхбат құрып, рухани кештің куәсі болды.

ГҮЛБАНУ БЕРДІБЕКОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Біз балаларға арналған әдебиеттерді насихаттауға тырысамыз. «Іздер құпиясы» бұл алғашқы детективті роман. Балаларға арналған және нағыз логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, қиялын байытуға және нағыз зияткер ұрпақ оқитын кітап деп білемін. Осы қатысқан 4 мектептің кітапханасы қорына «Іздер құпиясының» 10 данасы табысталатын болады.

АЛУА НҰРАЛЫ, ОҚУШЫ:

Көп оқушылардың зерттеу жұмыстары жақсы болды. Бірақ мен ұсыныс емес, соны іске асырғаным үшін бірінші орын алдым деп ойлаймын.