Елімізде 10 мың футболшы кітап оқиды

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2026

Елдегі 10 мың футболшы кітап оқиды. Енді олар тек доп теуіп қана қоймай, рухани дамуға да ден қояды. Осы бастама аясында Қазақстан футбол федерациясы мен Кітап оқитын ұлт-Читающая нация қоғамдық қоры меморандумға қол қойды. Жоба авторларының айтуынша, озық шыққан оқырмандарға ақшалай жүлде қарастырылған. Бұл бастама футболшылардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруды көздейді.

БАҚЫТЖАН ПАЗЫЛҚАЙЫР, ҚФФ КӘСІБИ КЛУБТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл марафон сайысы ретінде жүреді. Оның ынталандыру бар. Әр спортшы өзінің еркімен қатысып, берілген механизм бойынша кітаптарды оқып, соның соңында алған білімін сынақтан өту арқылы дәлелдейтін болады. Жеңіске жеткен спортшылар өзінің ынталандыру сыйлықтарын алатын болады.