17 сәуір сағат 23:30–да Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты және KZ15-09 «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 28-шақырымында жол қозғалысы шектелді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Судың жолдан асып кету жағдайына байланысты «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 25-30 шақырым аралығында (Мәмлүт айналма жолынан 20-ші мөлтекаудан айналма жолына дейін) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектеуі енгізілді.
Балама бағыттар:
• Жеңіл автокөліктер үшін Петропавл қаласы арқылы.
• Жүк көліктері үшін:
— Петерфельд-Архангельское — Новокаменка-а/ж, Жезқазған — Арқалық — Петропавл жолы;
— Жезқазған — Арқалық — Петропавл
— Астана –Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы (өту пункті Жаңа жол)