Бүгін үсік жүреді

Фото: pixabay

Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атомфералық фронтальды жүйелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республиканың шығысында қар, оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын, жаңбыр және қар түрінде күтіледі. Республика бойынша тұман, шығыста, орталықта көктайғақ, желдің күшеюі, батыста шаңды дауыл болжанған.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығыста, оңтүстігінде 30 м/с және одан аса өте қатты жел күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, тау бөктерінде, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, Алматы облысының тау бөктерінде, Қызылорда және Жетісу облыстарының солтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының батысында, солтстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды және Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі болжанған.