«Таза Қазақстан»: Астанада 5000 әке мен бала ағаш екті

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық айлығы аясында елордада «Таза аула» ұранымен абаттандыруға бағытталған бірқатар іс-шара өтіп жатыр.

Бүгін қала бойынша ескерткіштер, саябақтар, скверлер, тұрғын үйлердің аулалары, сондай-ақ бизнес нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарына жаппай сенбіліктер ұйымдастырылып, аумақтарға санитариялық тазалау жұмысы жүргізілген.

Экологиялық науқанға қала тұрғындары, мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері, МИБ/ПИК өкілдері, шағын және орта бизнес, еріктілер мен студенттер белсенді қатысқан.

Сондай-ақ сенбілік аясында «Әке – үлгі, әке – өнеге» шарасы өткізіліп, 5000 әке мен бала ағаш еккен.