Қажылыққа барам деп алданып қалды

Фото: freepik.com

Астанада тұрғындардың сенімін пайдаланып, алаяқтық жасаған адам сотталды.

Астана қаласы прокуратурасының ақпаратынша,  қарағанда, соталған адам өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, жалған әуе билеттері мен қонақүйлерге қажет деген желеумен азаматтардың 7,4 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Еліміздің әр өңірінен 17 адам алданып қалған. Оолардың арасында қарт ата-аналарын умраға жіберуді жоспарлаған отбасылар да бар.

Сотталушы ірі көлемдегі алаяқтық жасағанын мойындап, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеді.

Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.