-3 градус: ауа райы құбылады

Фото: pixabay

19 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, алайда бірқатар өңірде түнде үсік жүріп, сынап бағанасы -3°С дейін төмендейді.

 «Қазгидромет» РМК ақпаратынша, ел аумағының басым бөлігіне ауқымды антициклон әсер еткенімен, кейбір облыста ауа температурасы нөлден төмен түседі. Болжам бойынша, -2...-3 градусқа дейінгі аяз келесі өңірлерде байқалады:

-Солтүстік өңірлерде;

-Түркістан облысының таулы аудандарында;

-Алматы облысының солтүстігі мен тау бөктерінде;

-Жетісу облысының кей бөліктерінде.

Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал.

Елдің батысында шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді деп болжануда. Кейбір өңірде тұман түседі. Сонымен қатар, синоптиктер жоғары өрт қаупі сақталатын өңірлерді атады:

1. Түркістан облысының батысы;

2. Жамбыл облысының батысы;

3. Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысы.