Қостанай өңірлік университетінің студенттері жарыс көлігін құрастырды

Фото: gov.kz

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері екі жыл ішінде жарысқа арналған болид құрастырды. Жоба білім беру мен өндірісті ұштастыруға бағытталған.

Болидтің барлық бөлшектері алдымен цифрлық форматта жобаланып, сынақтан өтті. Бір орындық көлік 3 секундта 100 км/сағ жылдамдыққа дейін жүре алады.

Алдағы уақытта студенттер осы жобамен «Формула-студент» халықаралық жарысына қатысуды жоспарлап отыр.