Сайрам-Өгем ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген Қар барысы фототұзаққа түсті.
«Бұл – табиғаттың баға жетпес байлығы саналатын сирек жыртқыштың ұлттық парк аумағында тіршілік ететінінің айқын дәлелі. Табиғатты қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстардың жемісі», - деп жазды парк әкімшілігі.