Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қола жүлде алды

Фото: ҰОК

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Әзербайжанның Баку қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде үшінші орын алды.

Спортшы таспамен орындалатын жаттығу түрінде қола медаль иеленді. Финалда Ерекешева 27 ұпай жинады.

Жарыстың жеңімпазы Германиядан келген Дарья Варфоломеева болды, оның ұпайы 28,800-ді құрады. Екінші орынды Италия спортшысы София Раффаэли 28,500 ұпаймен иеленді.

Сонымен қатар Ерекешева шығыршықпен орындалатын жаттығудың финалында өнер көрсетіп, 6-орынға ие болды, оның жинаған ұпайы – 27,950.

Көпсайыстың қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева ондыққа енді, жалпы есепте 10-орынға тұрақтады.