Ерлік Сертай семсерлесуден Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Фото: ҰОК

Будапештте өткен семсерлесуден Гран-при турнирінде қазақстандық Ерлік Сертай күміс медаль иеленді.

Ол финалда мажарстандық Давид Надьқа 12:15 есебімен жол берді.

Турнирге 49 елден 600-ден астам спортшы қатысты.