Елімізде дербес деректерді қорғау ісі күшейтіледі

Фото: © freepik.com

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Премьер-министрге киберқауіптерге қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. 

Оның айтуынша, министрлік дербес деректерді қорғау бойынша жұмыс жүргізілуде. Деректерді сақтаудың нақты мерзімдері мен өңдеу ережелері белгіленді.

Egov Mobile мобильді қосымшасында азаматтардың дербес деректерді өңдеуге келісімін кері қайтарып алу тетігі енгізілді. Жеке деректерді қорғау бағытында «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.

Дербес деректер операторларының тізілімін құру, сондай-ақ деректердің бұзылуы туралы азаматтарды хабардар ету міндеті жоспарлануда. Конституциялық реформа шеңберінде деректердің жаппай таралып кетуіне қатысты қосымша қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Мақсаты — деректерді қорғауды күшейту, азаматтардың цифрлық қызметтерге деген жауапкершілігі мен сенімін нығайту, - деп атап өтті спикер.