Қызылжар өңірінде тасқынның екінші толқыны басталды

Сергеев қоймасында су деңгейі көтерілді. Қазір бөгет үстінен ағып жатқан  судың тереңдігі 79 сантиметрге жеткен. Сала мамандарының айтуынша, екінші толқын Ақмола облысынан келген суға байланысты болып отыр. Дегенмен, жағдай әзірге тұрақты, дейді. Ал Петропавлда бірінші толқын шарықтау шегіне жетті. Мұнда Есіл өзенінің деңгейі 960 сантимерге дейін көтерілді. Осының салдарынан  демалыс күндері айналма жолды су басты. Ал қазір жағдай қалыпқа келді, жол жеңіл және жүк көліктері үшін қайта ашылды.

ТИМУР ЖҰМАНОВ, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Біз Петропавл маңайындағы Есіл өзенінің арнасын кеңейттік. Осының арқасында тұрғын үйлер мен әлемеуметтің инфрақұрылымдарды су басқан жоқ. Қауіпті аймақтардың барлығы бақылауға алынған. Әзірге жағдай тұрақты.