Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты 20-24 сәуір аралығында қала көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі  хабарлады.

Осыған байланысты Мемлекеттік күзет қызметі тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген өзгерістерді ескеруді сұрайды.