«AMANAT» партиясы қызметкерлеріне арналған үш күндік оқыту семинары басталды

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2026

Алматыда «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен модульдік оқыту бағдарламасы аясында үш күндік семинар басталды. Іс-шараға партияның өңірлік филиал өкілдері, бастауыш ұйым төрағалары, мәслихат депутаттары мен партия қызметкерлері жиналды. Бағдарлама заманауи форматта ұйымдастырылып, дәрістермен қатар интерактивті сессиялар, практикалық тапсырмалар және кейстік талдаулар қамтылды. Қатысушылар саяси менеджмент, тиімді коммуникация және сайлауалды жұмыс жүргізу бағыттары бойынша білімдерін жетілдіруге кірісті.

БАҚЫТ ӘДІЛБЕКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТІК БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Дәл осы оқыту бағдарламасы бізде Қазақстанның 19 аймағында жалғасын таппақшы. Арнайы кезең кезеңімен. +Бұл жобаның мақсаты біздің партия өкілдерінің, жергілікті басқару органдарының оның ішінде бізде әкімдеріміз де бар, жергілікті ауыл әкімдері аудандық депутаттар, облыс депутаттары солардың барлық функционалдық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталады.

НҰРБОЛАТ ҚҰРМЕТҰЛЫ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ АҚ ӨҢІРЛІК ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӨМІР САПАСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл процесс бағытында бірнеше модуль бойынша оқулар өтіп жатыр. Мысалы атап өтетін болсақ, бюджетті жоспарлау бойынша және көшбасшылық бойынша және өңірлік дамуды басқару, жергілікті қауымдастықты басқару бойынша оқу бағдарламалары іске асып жатыр.