Бүгін - Мемлекеттік күзет қызметі құрылған күн

Фото: gov.kz

21 сәуір – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі құрылған күн.

Бұл құрылымның міндеті маңызды. Олар жоғары лауазымды тұлғалар мен шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Стратегиялық нысандарды және мемлекеттік іс-шараларды да қорғайды.