Теміржол құрамдарына ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған вагондар енгізіледі

© Photo : Facebook / Қазақстан темір жолы

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында көлік саласындағы инклюзивті саясатты жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, Инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында көлікке қолжетімділікті қамтамасыз ету үш негізгі бағыт бойынша жүруде, олар – инфрақұрылым, көлік және қызмет көрсету.

«Теміржол көлігінде құрамдардың шамамен 90%-ы көтергіштермен және арнайы купелермен жабдықталған. 2030 жылға қарай әр құрамда кемінде бір мамандандырылған вагон болмақ. Вокзалдарды реконструкциялау жөніндегі үлкен бағдарлама шеңберінде осы мақсаттағы қажетті элементтер көзделген, олар – пандустар, лифттер, көтергіш құрылғылар, сондай-ақ кассалық аймақтар мен санитарлық үй-жайлар қайта жабдықталмақ», - деді министр.

Сондай-ақ авиация саласында әуежайлардың қолжетімділік деңгейі артып келеді.