Astana Smart City жобасы іске қосылғалы жол ережесін бұзған жүргізушілер де автоматты түрде тіркеліп жатыр.
Атап айтқанда, көлік жүргізу кезінде телефон қолдану және қауіпсіздік белдігін тақпау деректері анықталуда.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Астанаға күніне шамамен 100 мың көлік кіріп-шығып, жалпы тәуліктік жүктеме 600 мыңнан асады.