Қазақстандағы су тасқыны жағдайы тұрақтануда және бақылауда

фото: ТЖМ

Еліміздің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі барынша азайтылды, ахуал тұрақты, мониторинг жүргізілуде. Оңтүстік және батыс өңірлерде су тасқынының белсенді кезеңі барынша азайтылды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бақылауда. Мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, ТЖМ су тасқынына қарсы жедел штабы жұмыс істейді.

ТЖМ әскери бөлімінің әскери қызметшілері Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерде су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда.