Павлодарда зауыт жұмысшысы қаза тапты

Павлодарда  зауыт жұмысшысы қаза тапты. Қайғылы оқиға Ақсу ферроқорытпа зауытында болған. Балқыған ыстық темірді  ұсату кезінде жұмысшы күйіп қалған. 24 жастағы жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір аталған іске қатысты тергеу жұмыстары басталды. Биыл Павлодар облысында 13 жазатайым оқиға болған. Соның кесірінен 2 адам өндіріс орнында көз жұмыпты. Ал 13 адам ауыр жарақат алған.

ҚАНАТ АРҚАЛЫҚОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ОБЛЫС БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Жазатайым оқиғаны тергеп тексеру мақсатымен мемлекеттік органдар және де жұмыс беруші тарапынан комиссия құрылды. Оның ең басты мақсаты осы жазатайым оқиағның мән-жайларын себептерін анықтау болып табылады. Барлығын тергеп тексеру барысында анықталады.