TURGYNDAR AMANATY: Алматы облысында 200-ге жуық тұрғынның мәселелесі қаралды

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2026

Алматы облысында 200-ге жуық тұрғынның мәселелесі тыңдалды. «AMANAT» партиясының бастамасымен «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған басқосуда ұсыныстарын ашық айтты. Көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындармен кері байланысты күшейту, сондай-ақ пәтерлердің күтіп ұстау жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Іс-шараға сала мамандары мен тұрғын үй басқару құрылымдарының өкілдері қатысты.

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бүгінде облыс аумағында екі мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде заңдастырылды. Бұл саладағы реформа әрбір қала тұрғынының тұрмысына тікелей әсер етеді. Тариф, абаттандыру, жарықтандыру, лифт, интернет пен қауіпсіздік мәселелері – тұрғындар үшін ерекше маңызға ие. Сондықтан көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін партия бастамасымен «TURGYNDAR AMANATY» жобасы іске қосылды.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл бастама әрбір тұрғын үшін қауіпсіз, қолайлы әрі сапалы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Бұған дейін еліміздің жеті өңірінде жүйелі жұмыс жүргізілді. Төрт ай ішінде Астанада жұмысын бастаған жобалық фронт-офисте 114 өтініш қабылданып, 67 мәселе бойынша тиісті кеңес берілді. Енді орталықты Алматы облысында да ашу ұсынылып отыр.

ТӘРБИЕ ЕРКІНБАЕВА, ҚАПШАҒА ПӘТЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мен ойлаймын осы үкімет біздің жанағы ескі үйлерімізге көп көмегеі тиеді деп. Себебі көп жұмыстар өткізіліп жатыр біздің Қапшағайда. Гүлденіп келе жатыр Қапшағайымыз, көркейіп келе жатыр. Форум маңызды, мәнді болып өтеді деп ойлаймын. Содан кейін жылда осындай форумдар өтіп тұрса, біздің жұмысымыздың тікелей бағдарламасына көмек болады деп ойлаймын.