Маңғыстаулық жастар зияткерлік бәсекеде бақ сынасты. Облыстық медициналық және туризм колледждері және «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған квизге қатысты. Шара «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілді. Өскелең ұрпақ арасында кітапқа, әдебиетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында болған зияткерлік сайыс тартысқа толы болды. Өңірде ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін бұл мейрамның ауқымы қашан да кең. Осыған дейін ақын-жазушылардың қатысуымен шығармашылық кештер және көрмелер ұйымдастырылды.
АНАР ШАМШАДИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ақтау қалалық кітапханасы мен облыстық кітапханаларда осындай ізгі шаралар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, білім беру ордаларында да бірнеше кездесу өтіп жатыр. Жастарға бұл күннің берері зор. Абай Құнанбайұлы айтқандай: «Артық білім – кітапта».