Жаңбыр, найзағай: бүгінгі ауа райы болжамы

Фото: pixabay

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ жауып, желдің күшеюі күтіледі.

▪Астанада ауа райы ала бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +22...+24°C.

▪Алматыда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +23...+25°C.

▪Шымкентте ауа райы құбылмалы, кей уақытта жауын-шашын (жеңіл жаңбыр) күтіледі. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +22...+25°C. Желдің екпіні 3-13 м/с.