Жануарлар Ақшымырау мен Сайөтес ауылдары аумағында жаппай қырылған. Бірақ әзірге нақты қанша жылқы өлгені белгісіз. Арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Сайөтес ауылы аумағындағы «Тілеміс» шаруа қожалығының жетекшісі Жанақ Ізтұрғановтың айтуынша, нөсер жауыннан кейін 17 жылқысын өлі күйінде тапқан.
- Өлген құлындарды санамағанда, ірі 17 бас жылқым қырылып қалды, - дейді шаруа.
14-15 сәуір күндері аймақта екпінді жел соғып, нөсер жауын жауған болатын. Салдарынан жылқылар батпаққа батып қырылған. Осы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, шалғайдағы ауылдардың аумағын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Қорытындысы әлі шыққан жоқ.