«Қазгидромет» синоптиктері 23, 24 және 25 сәуірге арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
Болжамға сәйкес, Мәскеу өңірінен келген циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар ел аумағы бойынша тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.
Найзағайлы жаңбырлар күтіледі, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аумақтарда бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.
Күндіз Қазақстанның батысында температура +7…+18 градусқа дейін төмендейді, солтүстік-батыста — +10…+20 градус.
Елдің қалған аумақтарында температура біртіндеп көтеріледі:
- солтүстікте +18…+27 градусқа дейін,
- орталықта +22…+30 градусқа дейін,
- шығыста +20…+28, таулы аймақтарда +10…+15 градус,
- оңтүстікте +27…+32, таулы аймақтарда +22 градус,
- оңтүстік-шығыста +20…+30, таулы аймақтарда +10…+15 градус.