Мәслихат депутаттарының коммерциялық мүддесі бар жобаларға дауыс беруіне шектеу қойылуы мүмкін

Енді жергілікті мәслихат депутаттарының коммерциялық мүддесі бар жобаларға дауыс беруіне шектеу қойылуы мүмкін. Мұны депутаттар заңмен бекітуді сұрады. Мәжлісмен Бақытжан Базарбек мәслихат депутаттарының басым көпшілігі кәсіпкерлікпен айналысады, оған қаржыны бөлуге де өздері атсалысады дейді. Сондықтан ол мүдделер қақтығысы бар жағдайларда дауыс беруге қатысуды шектеуді ұсынды.

БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК, ҚР ПАЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Мәслихат депутаттары тұрақты негізде жұмыс істемейді, олардың көбі кәсіпкерлікпен айналысады. Мұндай жағдайда мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін. Мысалы, ірі жоба іске асырылып жатыр, оның мердігері мәслихат депутатына байланысты компания болса, ал сол депутат қаржыландыруға дауыс беруге қатысады. Мен осындай жағдайда депутат өзіне тікелей немесе коммерциялық мүддесі бар мәселелер бойынша дауыс беруге қатыспауы тиіс деген норманы бекітуді ұсынамын.