Көшеде агрессия танытқан адамдарды «Сергек» камерасы түсіруі керек. Депутат Құдайберген Бексұлтанов осындай бастама көтерді. Ол қоғамдық этика мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда жаңа тәсілді қолданатын кез келді деген пікірде. Себебі, қоғамда дөрекілік, агрессия және балағат сөздер күнделікті құбылысқа айналған.
ҚҰДАЙБЕРГЕН БЕКСҰЛТАНОВ, ҚР ПАЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әлихан Бөкейхан айтқандай, ұлтқа қызмет ету адамның мінезіне байланысты. Біз мәдениетті болу жоғары мәртебе саналатын, ал дөрекілік әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болатын орта қалыптастыруымыз қажет.